Алматы қ., Есенберлин көш., 166 үй, 050007

Алматы хайуанаттар бағы өзінің келушілеріне жалпы танымдық серуенмен қатар әр түрлі тақырыптағы серуендер ұсынады.

Назар аударыңыздар! Танымдық серуендер +7 (727) 338 37 19
телефоны арқылы, тек алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Бір танымдық
серуен жетекшісіне келетін адам саны 15-тен аспауы тиіс. 15 баладан
тұратын топты басқарып келген ересек адам тегін кіреді .

ТАНЫМДЫҚ СЕРУЕНДЕР

Алдын ала жазылу бойынша

Серуеннің ұзақтығы 2-2,5 сағатты құрайды
Танымдық серуендердің тақырыптары

Алматы хайуанаттар бағын жалпы шолып көру танымдық серуені
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Жануарлар - ертегілер мен аңыз кейіпкерлері
Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі
Жағымсыз жануарлар туралы

Локация

Алматинский зоопаркі

Есенберлин көшесі, 166 үй
Карта Google
Зоопарк картасы
almaty zoopark map
Ережелер

Темы экскурсий

Алматы хайуанаттар бағын жалпы шолып көру танымдық серуені

Танымдық серуеннің ұзақтығы 2-2,5 сағатты құрайды.
Танымдық серуен әртүрлі жастағы тыңдаушыларға арналған.
Танымдық серуен барысында Алматы зообағының жануарларымен, олардың
әдеттерімен, іс-қимылдарының ерекшеліктерімен, қолда бағылу және
көбейту жолдарымен танысасыз.

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Танымдық серуеннің ұзақтығы 2-2,5 сағатты құрайды.
Танымдық серуен әртүрлі жастағы тыңдаушыларға арналған.
Мұнда Қызыл кітаптың пайда болу тарихы туралы, адамдардың
шаруашылық жұмыстары нәтижесінде саны азайып бара жатқан жануарлар
туралы, жануарлар әлемін сақтап қалудағы зообақтардың алатын орны
туралы, және Алматы хайуанаттар бағының алатын орны туралы білесіздер,
Кызыл кітапқа енгізілген жануарлармен танысасыз.

Жағымсыз жануарлар туралы

Танымдық серуеннің ұзақтығы 1-1,5 сағатты құрайды.
Танымдық серуен әртүрлі жастағы тыңдаушыларға арналған.
Мұнда келушілер танымдық серуен барысында сүйкімділер қатарына
жатпайтын жануарлармен таныса алады. Олар – бақалар, жыландар,
өрмекшілер, тарақандар т.б.. Келушілер осы жануарлардың өмір
тіршілігімен, табиғатта алатын орындарымен таныса алады. Мүмкін,тыңдармандар бұл жануарлар да жануарлар әлемінің маңызды бөлігі
екендігін және кейбірі қорғалуға мұқтаж екендігін түсінер.

Жануарлар - ертегілер мен аңыз кейіпкерлері

Танымдық серуеннің ұзақтығы 1-1,5 сағатты құрайды.
Танымдық серуен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған.
Мұнда біздің ең кішкентай келушілеріміз әртүрлі ертегі кейіпкерлерін көре
алады: қасқыр, түлкі, аю, бүркіт және т.б. Олардың мінез-құлқы, қолда бағу
ерекшеліктері туралы біледі.

Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі

Танымдық серуеннің ұзақтығы 1-1,5 сағатты құрайды.
Танымдық серуен орта және жоғары сынып оқушылары мен студенттерге
арналған.
Мұнда оқушылар жануарлар әлемінің алуан түрлілігі мен оның себептерін
біле алады. Тропиктік және полярлық жануарлар, су және құрылық
жануарларының арасындағы айырмашылықтарды байқай алады.

Әлеуметтік желілер