Алматы қ., Есенберлин көш., 166 үй, 050007

Алматы хайуанаттар бағының міндеті – мемлекеттің игілігі болып
табылатын жануарлар түрлерін сақтау және мол ғылыми құндылықты
көрсету.
Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы» заңына сәйкес, Алматы мемлекеттік хайуанаттар бағы – табиғатты
қорғау мәртебесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақ және ғылыми ұйым, ол
мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғатты қорғау қызметіне, тектік
қорды сақтау және типтік, сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген жануарлар
түрлерін жасанды ортада өсіруге бағытталған.