Алматы қ., Есенберлин көш., 166 үй, 050007
1935 жылдың қаңтар айында Қазақстан ССР-дің Совет халықтық
комиссарлары Алма-Ата қаласында хайуанаттар бағының құрылуы жайында
шешім қабылдады. Республикамыздағы зообақтың құрылысының басында
Жетісу өңірінің білікті маманы, аңшы Мырзахан Төлебаев жүрді. Зообақтың
ашылуына 26,6 га жер бөлінді. Мырзахан Төлебаев жеке өзі жергілікті
жануарлар әлемінің жақсы орналасуына барынша атсалысты. Ең алғашқы
Алматы хайуанаттар бағына әкелінген жануарлар еліктер,жұп қасқырлар,жас
түлкілер,архар,киік,қарақұйрық,тауешкі болды. Бірінші күннен
Алматылықтарды таң қалдыру үшін Төлебаев Мәскеу хайуанаттар бағынан
жануарлар әкелу жөнінде келіссөздер жүргізді. Ашхабад зообағынан
Алматыға қорқау қасқырлар,қарақал,түлкі жіберілді. Ленинград зообағынан
ақ аю,солтүстік бұғысы,жанат әкелінді. Мәсеку хайуанаттар бағынан
эму,бизон,зубробизон,бөкен жіберілді. Аскания-Нова қорығынан зеву
бөкені,гну,канна алынды. Бір жыл көлемінде жануарлардың жинағы 70 түрге
жетті.
ХАЙУАНАТТАР БАҒЫ КЕЛУШІЛЕРГЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ӨЗ
ЕСІГІН 1937 ЖЫЛДЫҢ 7-ШІ ҚАРАШАСЫНДА АШТЫ
Соғыс кезі болғандықтан,хайуанаттар бағына оңай болмады.
Жұмысшылардың басым бөлігі майданға аттанды. Зообақта жұмысшылар
жетіспегендіктен жұмыс бір орында тұрып қалып,жануарларға азық
жетіспеді. Әсіресе жыртқыш жануарларға. Жұмысшылар жергілікті
халықтың есектерін сатып алды. Кейінірек кезбе иттерді ұстап алып беріп
отырды. Тіпті арыстандарға кептірілген өрік берілді. Біраз жануарлардан
айырылғанымен,көбісін құтқарып қалды. Ашылған жылдан кейін Алматы
хайуанаттар бағы берілген жердің 7 гектарын ғана құрады.60-шы жылдардан
бастап зообақта кеңейту мен жаңарту жұмыстары жүре бастады. Жыртқыш
жануарларға арналған жаңа павильон, пілдер мен сусиырларға қыстық жылы
жай, құстарға жаңа вольер соғылды.

ХАЙУАНАТТАР БАҒЫМЫЗҒА АЛҒАШ РЕТ ҮНДІ ПІЛДЕРІ
ӘКЕЛІНДІ
Жас Дубас пен Пальма пілдерін Алматы тұрғындарына Үндістанның
премьер-министры Джавахарлала Неру 1955 жылы сыйлыққа табыстаған
болатын.
Кейін осы жұп бес кішкентай төл әкеліп, ең танымал кішкентайлары Батыр
атты піл Алматы зообағынан Қарағанды зообағына берілді. Батыр өзінің
атын қайталауымен танымал болды.
Келесі атақты зообақ асырандылары – Юлька мен Спутник атты сусиырлар.
Олар жылда төл әкелетін. Жалпы булардан он төл туған және жан-жаққа
басқа зообақтар мен цирктерге берілген.