2023 жылдың 13 мамыр күні Еуро-Азиялық Аймақтық зообақтар мен аквариумдар ассоциациясының халықаралық конференция жұмысы басталды.
Конференцияға әлемнің 19 елінен 160 хайуанаттар бағының мамандары қатысуда.
Конференцияның басты тақырыбы – жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігін сақтау. Білікті мамандар жабайы жануарларды зообақ жаағадайында ұстау тәжірибесімен бөліседі.
Хайуанаттар бағының бүгінгі таңдағы басты міндеті – жабайы табиғаттың генофондын сақтау. Алматы хайуанаттар бағының атынан зообағымыздың жетекші орнитологы Назгүл Елдеева сақалтай құсын ұстау және көбейту бойынша өз тәжірибесімен бөліседі.
Осындай пайдалы кездесулердің арқасында біз бір-бірімізден жануарларды дұрыс ұстауды, оларды өсіріп, көбейтуді және емдеуді үйреніп, жан-жақты тәжірибе алмасамыз.

Жазбаға пікір қосу