Алматы қ., Есенберлин көш., 166 үй, 050007

6+ жасқа дейінгі балаларға

Тегін

7 жастан 11+ жасқа дейінгі балаларға

300теңге

12 жастан бастап және ересектерге

800теңге

Барлық санаттағы зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы аналарға, мерзімді әскери қызметкерлерге

(Міндетті түрде растайтын құжаттардың түпнұсқасын көрсету керек)
Тегін

Әр келуші зообаққа келген беттен бастап міндетті түрде оның тәртіп ережелерін сақтауы тиіс.

1. Жануарларды аман сақтау және қайғылы оқиғалардың алдын алу
мақсатында міндетті түрде тыйым салынады:
 Жануарларды қорқыту, ызаландыру, жануарлардың торқоршауларына әртүрлі заттарды, таяқ, тамақ қалдықтарын, бала ойыншығын т.б. тастауға;
 Жануарлар орналасқан қора-қопсылардың қоршауынан немесе арнайы
кедергілерден өрмелеп кіріп, немесе өтуге тыйым салынады, өйткені аңдар;
 Жануарларға темір тордың немесе торкөздердің арасынан қол аяқтарыңызды ұсынуға болмайды;
 Балаларды жануарларды қоршауына орнатылған кедергілерге, қоршауларға
тұрғызуға немесе отырғызуға;
 Жануарлар тұрған қора-қопсылардың тор, әйнек, қоршауларына суйенуге және оларды қолмен немесе басқа заттармен ұруға;
 Балаларды, әсіресе жас сәбилерді бақылаусыз қалдыруға және оларға өз бетімен зообақты аралауға;
 өзімен бірге үй жануарларын алып жүруге;
 шулауға, айғайлау, жүгіруге, ән салуға, қабылдағыш, магнитофон және басқа
айқайлаған музыка шығарып, аспаптарды қосуға;
 мас күйінде келуге, шылым шегуге, арақ-шарап ішуге;
 жануарлардың көздерін қарықтырып әртүрлі қондырғылармен, құрылғылармен және фотоаппарттың жарқ еткізіп түсіретін қызметін пайдаланып суретке түсіруге – бұл жануарларды үркітіп және көзіне зиян келтіреді;
 гүлзарды басуға, бұталарды сындыруға, гүлдерді, шөпті, жеміс-жидекті үзуге;
 қоқысты кез келген жерге (арнайы орыннан басқа) тастауға;
 пиротехникалық құрылғыларды қолдануға;
 зообақ аймағын скейтбордбен, дөңгелекті конькимен, велосипедпен,
электромобиль және ірі габаритті балалар жүргізетін машиналармен аралауға;
Біздегі асыралынатын жануарлар қоректенудің ғылыми түрде жете зерттелген
рационы бойынша, жеткілікті мөлшерде, барлық қажетті азықпен қамтамасыз етіледі.
Жануарларға тамақ бермеңіз – олардың өміріне қауіп төндірмеңіз!
Балалардың қауіпсіздігі үшін, олардың зиян келтіргені, тәртіпті сақтамағаны үшін олардың заңды өкілдері – ата-аналар немесе қамқоршысы жауапқа тартылады.
Оқу-экскурсия барысында балаларға тәрбиешілері жауап береді.
Қабылданған заңдылықтарға сәйкес тәртіп сақтамаған тұлғалар әкімшілік
жауапкершілікке тартылады.

2. Сіз зообақтағы демалыс уақытыныздан жағымды әсер алуыңыз үшін рұқсат
етілетіндер:

 жануарларға алаңсыз назар аударып, бақылап көріп, зообақты асықпай аралауға;
 тазалық сақтап, қоқысты арнайы орындарға тастауға;
 әкімшілік немесе күзет қызметкерлерінен көмек немесе кеңес сурауға;
 балалармен серуендеу барысында бесік-арбаны, кішкентай велосипедті және басқа да балалардың көлік құралдарын қолдануға;

Құрметті келушілер, сіздерден осы қарапайым ережелерді сақтауларыңызды көптен-көп өтінеміз, сонда сіздер зообақта тамаша демалып және жағымды да жақсы әсер аласыздар. Біз – зообақтың таза және әдемі болуын қалаймыз. Өйткені бұл сіздің де зообағыңыз!
Сіздердің біздің зообақтағы серуендеріңіз жайлы да, есте қаларлықтай болуына тілектеспіз!

Хайуанаттар бағына келесі санаттағы азаматтар тегін кіруге құқылы

1. Жасы бойынша зейнеткерлер (куәлігін көрсеткен жағдайда);
2. 7 жасқа дейінгі балалар;
3. ҰОС ардагерлері, олармен тең тұлғалар, ауған соғысының ардагерлері
(сәйкес құжаттарын көрсеткен жағдайда);
4. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер (әскери билетін көрсеткен
жағдайда);
5. Барлық санаттағы мүгедектер (куәлігін көрсеткен жағдайда);
6. Мектепке дейінгі және мектептегі балалардың, сондай-ақ орта және
жоғары білім мекемелерінің жетекші тұлғалары (тәрбиеші, сынып
жетекшісі, оқытушы), есеп бойынша 15-20 адамға 1 жетекші.
7. Балалар үйінің, интернаттың, сауықтыру және оңалту орталықтарының
тәрбиеленушілері.